Қордағы қаржы 2 триллон теңгеге толықты

Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына 2 трлн. теңге түсті. Салық пен төлемдерден түскен бұл қаржылардың басым бөлігі Атырау облысы аумағына тиесілі. Есепті кезең аралығында мұнайлы өңірдің Ұлттық қорға түсірген қаржысы 846 млрд. теңгені құраған.
Ал СҚО облысы — 500 млрд, Маңғыстау облысы — 389 млрд, Қызылорда облысы -150 млрд, Ақтөбе — 98 млрд, Нұр-Сұлтан қаласы — 40 млрд, Алматы қаласы 9,2 млрд. теңге түсірген.
Атамекен бизнес телеарнасы таратқан бұл мәліметте кейбір аймақтардың әлі күнге дейін салықтық төлемдер жүргізбегені айтылады. Олардың қатарында Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облысы бар.
Есепті кезеңде Ұлттық қорға түскен қаржы өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,2 пайызға көп болып тұр.

С. НҰРАЙ.