Маңызды

Қазақстанда латифундистердің көпшілігі кімдер?

Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан Exclusive.kz басылымына берген сұхбатында елімізде сиыр бағатын жер тапшы екенін, себебі оның барлығы сатылып кеткенін ашық түрде айтып салды. Ол мұндай ойын Елбасының «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында халықты сиыр бағып, күн көру қажеттігі туралы кеңесіне пікір білдіру кезінде мәлімдеді.
Өз кезегінде саясаткер партия төрағасының пікірі бір жағынан дұрыс дей келе «мал шаруашылығы жақсы кәсіп. Қазақ халқы өмір бойы төрт түлікті баптап, күн кешкен. Алайда қазіргі жағдай мүлдем бөлек. Қазір мал өсіріп, тіршілік ету мүмкін емес. Сиырды өсіру үшін жем-шөп керек, оны бағатын жер қажет. Бір арба шөптің өзі кемінде 15 мың теңге. Ол ақшаны халық қайдан табады?» деген.
Сонымен қатар ол, егер мемлекет адамдарды мал шаруашылығымен айналыссын десе тиісті жағдайдың жасалу қажеттігін алға тартады. Яғни ол, Үкімет халықтың мал бағып байығанын шынымен қалайтын болса, латифундистердің (ірі-ірі жер иеленушілер) қолындағы жер телімдерін алып, елге таратып беру керектігін, ал латифундистердің басым көпшілігі «Nur Otan» партиясынан шыққандар екенін жеткізді.
Саясаткер Мұхтар Тайжанның кезінде жер комиссиясын құру мәселесімен айналысқан белсенді екенін еске түсірсек, оның бұл сөзі шындықтың ауылынан алыс емес екені айқын аңғарылады.

А. САТЫБАЛДЫ.

Пікір жоқ

Пікір қалдыру