«ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІ МӘСЛИХАТТЫҢ ҚАЙТАЛАНУЫ ДЕУ ҚАТЕ»

Нұрғазы БҰХАРБАЕВ: Шымкент қалалық мәслихатының депутаты:

«Қоғамдық Кеңестің жұмысы халық пен биліктің ортасында көпір болып жүретін мәслихат депутаттарының жұмысына әбден ұқсайды. Мәслихаттың мақсаты халықтың көкейіндегі проблемасын шешу, соны мінбердегілерге жеткізу болып табылады. Қоғамдық Кеңестің көксегені де осы. Бұл қойыртпақ емес пе?».
Соңғы кездері осындай мағынаға ұқсас пікірлер жиі көрініс тауып жүр. Осыған орай біз «Шымкент зообағы» МҚК-нің директоры, қалалық Қоғамдық Кеңестің төрағасы Нұрғазы Бұхарбаевпен тілдескен едік.

– Нұрғазы Бақтыбайұлы, Сіз Шымкент қалалық Қоғамдық Кеңесінің төрағасы болып сайланғаныңызға үш айдан астам уақыт толды. Осы уақыт аралығында атқарған жұмыстарыңызды бір қорытындылап жіберсеңіз…
– Шымкент қалалық Қоғамдық Кеңесінің 27 мүшесі бар. Оның әрбірі әр саланың машықты маманы. Толысқан, толған азаматтар. Бірнәрсені айта кетейін. Жуырда Қоғамдық Кеңестің мүшелері болған Айгүл Қапбарова Сенат депутаты, Рашид Аюпов Түркістан қаласының әкімі болды. Игорь Вербицкий Шымкенттегі орыс драма театрының директоры болса, Икрамжан Хашимжанов қала күнінде Шымкент қаласының «Құрметті азаматы» атанды. Осының өзі Қоғамдық Кеңес мүшелерінің қатардағы азаматтар емес, өз ісінің кәсіби мамандары екені анық байқалады.
Қоғамдық кеңестің отырысы айына бір рет өткізіледі. Қоғамдық кеңес бұл кез келген мәселелерге а раласып, биліктегілерге, мемлекеттік мекемедегілердің жұмыстарына ұсыныстар беріп, қоғамдағы болып жатқан өзекті мәселелерге қандай да бір тараптардың көзқарасын өзгерту немесе жақсы нәтижеге қол жеткізу болып табылады. Әзірге Қоғамдық Кеңестің шешімі ұсыныс беруден арыға аспай тұр.
Басқосуда біз қоғамдық-саяси өмірде болып жатқан барлық проблемаларды талқы-таразысына салып, мәселе-ден шығар жол таңдап, соны іске асыру туралы тиісті органға ұсыныстар жолдаймыз. Осы кеңеске төраға болып сайланғаннан бері үш жиын өткіздік. Өз тарапымыздан айтылған бастамалар болды. Оның барлығын хаттама негізінде қағазға түсіріп, уәкілетті органға жолдадық. Қазір қаралып жатыр. Сондықтан да жұмысымызды қорытындылайтын уақыт толмады. Ауыз толтырып айтатындай жетістіктерге қол жеткізуге үш ай мерзім аздық етеді. Жалпы Қоғамдық Кеңестің қызметі ала жаз бойы бидай егіп, күзде астыққа орақ түсіретін нақты кестеге сай орындалатын, нақты бағдарланатын жұмыс емес. Сүбелі жұмысқа қол жеткізу үшін бізге бір ай, төрт ай немесе бір жыл уақыт қажет болуы мүмкін.
–Ендеше, сіздер қандай бастама көтердіңіздер, нені алға тарттыңыздар? Қандай проблемаға нүкте қоя алдыңыздар?
– Жоғарыда әр айда бір рет бас қосатынымыз туралы айтып өттім. Сол жиында Қоғамдық Кеңеске қалалық әкімдікке қарасты 22 басқарма мен өзге де мекемелер есеп берді. Күн тәртібіндегі сұрақтарды талқыға саламыз. Олардың базыналарын тыңдаймыз. Қандай бір кезек күттірмейтін проблеманың шешілуіне нендей жағдайдың себеп болып жатқанынан хабардар болсақ, оны әкімнің, мәслихаттың қарауына жолдаймыз. Үш айдан бері Қоғамдық Кеңес тарапынан уәкілетті органға 20-ға жуық ұсыныстар берілді. Оның барлығы салмағы ауыр мәселе.
Не мәселе көтердіңіз, қандай проблеманы шештеңіздер деп сұрап жатырсыз. Қоғамдық Кеңес тарапынан анықталған, айтылған олқылықты айтсақ, біреудің жүнін жығуға оқталғандай боламыз. Бірақ дегенмен де, жауап беруден тайқығанның керіне түспей, бір ғана мысалды айта кетейін. Жуырда Қоғамдық Кеңесте тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болған, қазіргі таңда басшы орынбасары болып жүрген Нұрлан Бектұрсынов бір қағиданы б екіту ү шін е сеп б ерді. Сол кезде бізге мәлім болған жағдай, білдей бір басқарманың басшысы өзіне тікелей қатысты жәйттерден мүлдем хабарсыз болғаны еді. Ол Шымкентте қанша мазараттың бар екенін дөп басып айта алмады. 76 деді. Айналып келгенде қаладағы қорым жердің саны 83 екен. Олардың 37-нің ғана мемлекеттік актісі алынған. Қалғанының актісі жоқ. Үш жылдан бері осы тірлікті тыңғылықты тындыра алмаған. Бұл жұмыстарды орындауда түйе толғақпен жүре берген. Осындай бейқамдықтың салдарынан, ертеңгі күні тиісті мекеме мазарат телімдерін ешкімнің меншігіндегі жер деп т анып, ө згелерге ү лестеріп, н әтижесінде мемлекеттің мүлкі талан- таражға түсуі әбден мүмкін. Сонда жапа шегетін кім? Әрине халық. Ал қара бет болатын кім? Міндетті түрде билікте отырған азаматтар. Мазараттарға тиісті абаттандыру жұмыстарын (қоршау, жол салу) жүргізу үшін оның міндетті түрде мемлекеттік актісі болуы керек. Онсыз атқарушы орган ол жерлерге бірде-бір жағдай жасай алмайды. Содан соң біз ол кісіге жарты жыл ішінде осы жұмысты бір жүйеге түсірмесең, мәселені әкім назарына май шаммен қарауға жолдаймыз деп талап қойдық. Мұның өзі біле білгенге үлкен дауды, проблеманы алдын алу бойынша атқарылған жұмыс деп санаймын.
Бұдан бөлек мектептегі асханалардың мәселесін де үнемі бақылауда ұстау туралы білім басқармасындағы жауапты мамандарды пысықтап жүреміз.
– Соңғы кездері «Бір қарағанда Қоғамдық Кеңестің жұмыстары халық пен биліктің ортасында көпір болып жүретін мәслихат депутаттарының жұмысына әбден ұқсайды. Мәслихаттың мақсаты халықтың көкейіндегі проблемасын шешу, соны мінбердегілерге жеткізу болып табылып тұр ғой. Қоғамдық кеңестің көксегені де осы. Бұл қойыртпақ емес пе?» деген пікір айтылып жүр. Сіз бұған не айтасыз?
– Иә, тура осы тұрпаттағы сөздерді көпшілік жиі айтады. Яғни, Қоғамдық Кеңесті мәслихаттың қайталануы деп көксейді. Айналып келгенде, ондай емес. Мәслихатқа д епутаттар сайланса, сайлаушылар өзінің аумағындағы жәйттерді биліктің назарына жеткізеді. Депутат біреудің бақшасына барып бас сұқпайды. Тек өзі сайланған округтің төрт құбыласын тең етуге күш салады. Ал Қоғамдық Кеңесте мұндай шектеу жоқ. Біздің бақылауымызға барлық мәселе кіреді. Қоғамға не керек сол нәрсені біз талқылауымыз керек. Қандай да бір шикіліктер анықталса, толықтырулар талап етілсе, біз өз тарапымыздан ұсыныс береміз. Барлық мәселелер Қ оғамдық К еңестің қ арауынан өтеді. Ұсыныстар бізден кетеді. Содан соң мәслихатқа жетеді.
Тағы бір айта кетерлік жәйт, мәслихат депутаттары сайлаудан басқаша тәртіппен өтеді. Ал Қоғамдық Кеңесте қ оғамдағы б елсенділер, Ү ЕҰ өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер бар. Белсенділердің барлығына мәслихаттан орын табыла бермейді. Сайлауға ат қосқан, бірақ өте алмай қалған біраз азаматтар бар. Бірақ олар да өз деңгейінде қоғам дамуына үлесін қосып жүрген азаматтар. Ал оның мүмкіндігін, іскерлігін неге пайдаланбасқа?
– «Қоғамдық Кеңестің атқарып жатқан жұмысын мәслихатқа түбегейлі тапсыру қажет» дегенге сіздің келіспейтініңіз айдан анық…
– Заң талабына сәйкес Қоғамдық Кеңес болу керек. Ол заңды Парламентте бекіткен. Оның функциясы мен мәслихаттың қызметі екі түрлі екенін жоғарыда айтып кеттік. Әрқайсысы өз өзімен. Қайта керісінше Қоғамдық Кеңестің қызметі мен міндеттемелерін күшейту керек. Мүмкіндік беру керек.
–Ал мәслихаттың жай-күйі қалай болады?
– Қоғамдық Кеңесте қалаға қатысты мәселелердің көпшілігі талқыланады. Содан кейін мәслихатқа кетеді. Мәслихатта шешім қабылданады.
– Жуырда саясаткер Ермұрат Бапи «Қоғамдық кеңес деген ұйым жалпы азаматтық қоғамға былай бір қарағанда керек сияқты болып тұрады. Ал түптен келгенде оның ешқандай өкілдігі, құзыреті әлдебір тиімді қызметі жоқ әйтеуір бір салақтап тұрған орган. Жалпы бір сөз бар ғой. Соқырішек деген. Қоғамдық кеңес бұл нағыз соқырішек. Мұны кесіп тастасаң да ештеңе етпейді» деген пікір айтты. Бұған Сіз не айтасыз?
– Қоғамдық Кеңес туралы заң жақында пайда болған. Үш жылдан енді асты. Жалпы біз шешім шығара ал-маймыз. Біздің қолда бар барлық қаруымыз – ұсыныс берумен ғана түгесіліп тұр. Осыған орай біз Қоғамдық Кеңестің мүмкіндігін арттыру туралы тиісті жерлерге ұсыныстар беріп жатырмыз. Тек біз емес, әр аймақтар осыны алға тартуда. Соның негізінде жыл аяғына дейін Қоғамдық Кеңес туралы заң басқаша форматта болады деп ойлаймыз. Оның мүмкіндігін арттырсақ, о сы с ынды п ікірлер а йтылмайды деп сенемін.
– Қазіргі қоғамдағы, яғни Шымкенттегі ең өзекті болып тұрған мәселелер қандай?
– Шымкентті үлкен өзгерістер күтіп тұр. Жуырда Үкімет отырысында «Қаланы дамытудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспары» қабылданды. Бұл жоспар 10 бағытты қамтиды. Міне олардың барлығын межеленген мерзімінде орындау өзекті мәселе. Оларды бөліп-жаруға болмайды. Барлығы маңызды.
– Сіз «Шымкент зообағы» мекемесінің директорысыз. Мәслихатта тұрақты комиссияның төрағасысыз. Қоғамдық Кеңеске де төрағасыз. Осылардың барлығын алып жүруге қалай уақыт табасыз?
– Ең алдымен адам уақытын жоспарлау керек. Оны тиімді пайдалануға дағдыланған жөн. «Работать надо не 12 часов а головой» деген. Қатып қалған қажетсіз қағидаға қадалмаған абзал. Мәселен, «сағат алты болды мен кеттім» дейтіндер бар. Ол оның құқы. Бірақ сағаттың алты болғанын күтпей ақ, тірліктің барлығын тез тындыруға, сөйтіп өзіңе уақыт арнауға болады ғой. Мысалы, кітап оқып, ізденіп дегендей. Тағы бір мысал. Қазір мен еңбек демалысында жүрмін. Солай екен деп жұмысқа ат ізін салмай жүру тағы болмайды. Осы қазір жұмыс ор-ныма келіп, Сізге уақыт тауып сұхбат беріп отырмын.
—Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан:
Талғат ДҮЙСЕБАЙҰЛЫ.