Үкіметтік емес ұйымдарға қолдау керек

Созақ ауданына үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстарын жүргізу мақсатында Түркістан облыстық Азаматтық Альянс аудан, қалалардағы ақпараттық ресурстық орталықтардың жұмысын жандандыру арқылы ауылдық жерлердегі үкіметтік емес ұйымдардың дамуына қолдау көрсету және әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесіне үкіметтік емес ұйымдарды тарту жұмыстарын алға жылжыту мақсатында ауданымызға келді.

Аталмыш жоба Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен жүзеге асатын болады. Әкімдіктің кіші мәжіліс залында аудандағы үкіметтік емес ұйымдардың басын қосқан жиында көптеген мәселелер көтерілді. ҮЕҰ-дың басым бөлігі бұрын-соңды мұндай жұмыстармен айналыспаған, тәжірибесі аз, жобалармен жұмыс жасап көрмеген бірлестіктер болатын. Сондықтан ұйым төрағаларының білгісі келетін мәселелері көп болды. Көкейлерінде жүрген көптеген сауалдарға жауап алды. Сондай-ақ алдағы уақытта тағы да сауалдар туып жатса облыстық Азаматтық
Альянстың аудандағы өкілі Біржан Саржанмен хабарласып, тиісінше жауаптар алуға болатыны түсіндірілді.

Мақсат ҚАРҒАБАЙ,
Созақ аудандық «Желтоқсан ардагерлері» ҚБ төрағасы.