МАҚТААРАЛ АУДАНЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІМДЕРІНІҢ БАСШЫЛАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мақтаарал ауданында өткен кеңейтілген аппарат мәжілісінде аудан әкімі Бақыт Асанов құрылымдық бөлімдердің жаңадан тағайындалған басшыларын аудан активіне таныстырды.

Сонымен, аудан әкімі Б.Асановтың өкімімен тағайындалған құрылымдық бөлімдердің басшылары:

Байжанов Кенес Серикбаевич – Ветеринария бөлімінің басшысы;
Туребеков Серик Альмешович – Білім бөлімінің басшысы;
Мырзамдамов Усер Тастемирович – Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы;
Тасов Аширбай Усенбаевич – Экономика және қаржы бөлімінің басшысы;
Норбаев Бауыржан Абдрахманович – Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы;
Татеев Жандарбек Токтарович – Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы;
Әбдірахманов Қанат Қалмырзаұлы – Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы;
Полатов Ғабит Жамантаевич – Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы;
Атақұлов Нұржан Жақсылықұлы – Жер қатынастары бөлімінің басшысы;

Жиын барысында өңір басшысы жаңадан тағайындалған құрылымдық бөлім басшыларының жұмыстарына сәттілік тілеп, жаңадан құрылған ауданда атқарылатын жұмыстар көп екенін еске салды.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі