ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ ШАҺАР БАСШЫСЫНЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА

Шымкент қаласы жыл өткен сайын кеңейіп келеді. Халық санының өсуі қаладағы қозғалысқа да әсер етпей қоймады. Қалада болатын ұзын-сонар кептелістің көпті мезі ететіні тағы белгілі. Десе де әкімдік аталған мәселені шешу мақсатында біраз бастамаларды көтеріп, жүзеге асырып жатыр. Солардың бірі – Д.Қонаев даңғылын әрі қарай созу. Бұл қазіргі орталық көшелердегі кептеліс мәселесінің шешілуіне мүмкіндік береді.

 

Ал құрылыс сапасын қала әкімі Мұрат Әйтеновтің өзі бақылап қайтты. Шаһар басшысы Д.Қонаев даңғылы жалғасы құрылысының ІІ және ІІІ кезеңі бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады. Орындалған әрбір жұмысқа зертханалық сынақтамалар жүргізіліп, сапасы тексерілуін тапсырды.
Сонымен қатар Д.Қонаев даңғылы жалғасының екінші кезеңі бойынша инженерлік желілерді орнын ауыстыру, мемлекет мұқтажына алынған үйлерді сүру жұмыстарымен қатар ұзындығы 0,561 шақырымды құрайтын үшінші кезеңі бойынша қазіргі уақытта жол мен аяқжолдардың негізін әзірлеу, абаттандыру және жерүсті жаяу жүргінші өткелін жасау жұмыстары атқарылуда. Қорыта келгенде, құрылыс сапасы қала әкімінің бақылауында. Әзірге барша жұмыстар жоспарға сай жүріп жатыр.