САРБАЗДАР МЕН САҚШЫЛАРҒА СЫЙАҚЫ БЕРІЛЕДІ

Ағымдағы жылдың 5-қаңтарында еліміздің үш өңірі (Маңғыстау, Алматы облысы мен Алматы қаласында) төтенше жағдай режиміне көшкен болатын. Келесі күннен бастап яғни, 6-қаңтарда еліміздің барлық аумағында 19-қаңтарға дейін төтенше жағдай режимі енгізілген еді. Осы уақыт ішінде ел тыныштығын күзеткен Ұлттық ұланның сарбаздары мен тәртіп сақшыларының әрбіріне 150 теңге көлемінде үстемақы төленеді.

Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.

Ведомства басшысы ішкі істер министрлігіне қарасты жоғары оқу орындарында оқитын студент-курсанттар мен ішкі әскер сарбаздарына қаржылай емес, бағалы сыйлық берілетінін жеткізді. Бірақ тарту түрі қандай болатынын ашып айтпады.

Айта кетейік, қаңтар оқиғасы кезінде террористер қолынан полиция мен Ұлттық  ұланның  8 қызметкері қайтыс болды. 2911-і жарақат алған болатын. Ерлікпен қаза тапқандарды Президент орденмен марапаттаған.