Маңызды

ҚОЛӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Түркістан қаласында «Born Nomad» атты фестиваль өтті. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстандағы АҚШ елшілігі ұйымдастырған шарада қолөнершілердің еңбегі бағаланды. Мақсат айқын – дәстүрлі қолөнермен айналысатын әйелдердің еңбегін дәріптеп қана қоймай, олардың кәсіпкерлік саласындағы бастамаларын қолдау, өнімдерінің сыртқы нарыққа шығуына ықпал етіп, шығармашылық индустриясын дамыту арқылы мәдени мұраны сақтау болып табылады.

Байқауға еліміздегі 2000-нан астам қолөнерші қатысты. Ұлттық байқау жеңімпаздары алты номинация бойынша марапатталды. Атап айтсақ, шымкенттік Мәдина Ахметова «Дәстүр номинациясы» бойынша жеңімпаз атанса, елордадан келген Әсел Мектепбаева «Жас талант» және «Жаңашылдық» номинацияларын, Дамира Әбікенова «Қолөнерші әйел» номинациясын, Балнұр Ахметқазиева «Шығармашылық ынтымақтастық» номинациясын, Алматы облысынан келген Айжан Тіленбекова «3D-дегі қолөнер» номинациясын алды. Ал Гран-при иегері Дамира Әбікеноваға (Нұр-Сұлтан) 1 миллион теңге тапсырылды.

Пікір жоқ

Пікір қалдыру