БАСПАНАЛЫ БОЛУҒА БАҒЫТ БЕРЕТІН ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Түркістан қаласында тұрғын үйге қатысты сан сауалға жауап беріп, тұрғындардың баспаналы болуына ақпараттық сүйемелдеу жасайтын орталық ашылды.

Орталық Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы бойынша жұмысын бастап отыр. Орталықта жергілікті тұрғындар баспаналы болуға қатысты соңғы ақпараттар туралы толық мағлұмат алады. Және халықты баспанамен қамту бағытындағы мемлекеттік бағдарламалармен толық танысады.
Содан соң бағдарламаның қатысушысы ретінде тиісті мекемелерге баспана алу туралы өтініш жолдай алады.
Орталықтың ашылуына облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы қатысты. Ол орталықтың жұмысын жүргізетін мамандарға әрбір азаматтың өтінішін жүзеге асыруға ықылас танытып, дұрыс бағыт беру туралы тапсырма берді.
Алдағы наурыз айында облыс орталығында көпқабатты 16 тұрғын үй тапсырылады деп күтілуде.