КАНАЛДАР ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

Шымкент қаласында ауыл шаруашалығы мақсатындағы жер көлемі 62,5 мың гектарды құраса, оның ішінде егістік алқабы 27 мың гектарға жетеді. Жергілікті билік егіс алқабынан жиналатын өнім көлемін жыл сайын көбейтуді көздеп отыр. Бұл ретте шаруалардың ептілігімен қатар, каналдардың су өткізгіш қабілетінің талапқа сай болуы аса маңызды екені белгілі.

Шымкентте 27 канал бар болса, олардың жалпы ұзындығы 240 шақырымнан асады. Соның ішінде 134,4 шақырым болатын 11 канал осы жылы қайта жаңартылатын болады. Қазіргі таңда осы бағыта «Өтеміс» каналына күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті. Ұзындығы 10 шақырымға жететін каналды жөндеу жұмыстарының сметалық құны 545 млн. теңге.

Сонымен қатар алдағы уақытта 117,3 шақырымды құрайтын 16 каналды механикалық тазалаудан өткізу жоспарланып отырғанын айта кетейік.