«САҚШЫ» ЖОБАСЫ ТӘРТІПТІ САҚТАЙДЫ«САҚШЫ» ЖОБАСЫ ТӘРТІПТІ САҚТАЙДЫ
Елімізде COVID-19 коронавирус жағдайының Түркістан облысында тіркелуі мен таралмауын жолға қою мақсатында түрлі шаралар қолға алынуда. Атап айтқанда, облыс аумағындағы көптеген аудан, қалаларда көп реттік қолдануға жарамды медициналық бетперде тігу ісі қолға алынды. Тиісті жерлерде блок бекеттер қойылып, сырттан келген азаматтардың дене қызуы тексерілуде. Сондай сақтық шараларының қатарында – «Сақшы» жобасы да бар.
Жоба аясында Түркістан қалалық полиция департаментінің қызметкерлері және олардың қоғамдық көмекшілері әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандар мен адам көп жиылатын қоғамдық орындарға рейдтік шаралар жүргізеді.
Естеріңізге сала кетсек, елімізде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты, аталған нысандардың жұмыс уақыттары шектеліп, бірқатар талаптар қойылған болатын. Сол тәртіптің сақталуын қадағалауға құқық қорғау органдарының құзыры жеткенімен, қазіргідей қысылтаяң сәттегі жұмыс көлемінің көптігінен уақыттың жетіспеушілігі байқалатыны сөзсіз. Ал жоба аясында арнайы тартылған қоғамдық көмекшілер қала аумағында дәмхана, мейрамхана мен дүкендерді аралайды. Осылайша қоғамдағы ахуалды қатаң бақылауға алған азаматтар шара барысында қауіпсіздіктің қатаң сақталуын, нысандарға кірер есіктерде антисептикалық құралдардың болуын тексерді. Бұл талаптар сақталмаған жағдайда нысан иелеріне тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Құқық қорғау органы өкілдері бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып, барлық кәсіпкерлік нысандардың жұмыс режимі бақылауда болатынын айтуда.
Түркістан облысында «Сақшы» жобасы бойынша полиция көекшісі болып еңбе кетіп жүрген қоғамдық көмекшілердің саны 300-ге жуық.