ҚАЗАҚСТАН ТМД КӨЛЕМІНДЕГІ ЕҢ ҚАУІПСІЗ ЕЛ АТАНДЫ

Ranking.kz әлемдегі ең қауіпсіз елдер рейтингісін жариялады. Барлығы 163 ел енген рейтинг көрсеткішінде Қазақстан 64-орынға ие болды.

Әлем бойынша өмір сүру үшін ең қауіпсіз елдердің алғашқы ондығына Исландия, Жаңа Зеландия, Португалия, Австрия, Дания, Канада, Сингапур, Словения, Жапония және Чехия мемлекеттері енген. Рейтинг көрсеткіші бойынша Қазақстан 64-ші орыннан көрінгенмен, ТМД елдері көлемі бойынша алдыңғы шепке шығып тұр.
Қауіпсіз елдердің индексі ондағы зорлық-зомбылық көрсеткіші, криминогендік жағдайы, сыртқы саясат, қорғаныс саласы бойынша шығыс көлемі сынды 23 индикатор бойынша бағаланған. Ең қауіпсіз елдер тізімінде соңғы ондықты Ауғанстан, Сирия, Оңтүстік Судан, Йемен, Ирак, Сомали, Орталық Африка Республикасы, Ливия, Конго Демократиялық Республикасы мен Ресей Федерациясы түйіндейді.