ЖӘБІРЛЕНУШІЛЕРГЕ ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕМІ  ЖҮЙЕЛІ ТӘРТІППЕН ЖҮРГІЗІЛЕДІ

 

Былтыр Шымкент қаласы бойынша бірінші сатылы соттар жәбірленушілерге өтемақы қорына жалпы 21 577 730 теңге өндіруге үкім шығарған. Оның 7 204 955 теңгесі жәбірленушілерге өтемақы қорына түскен. Қалған 14 982 626 теңгесін мәжбүрлі өндіру үшін сот орындаушыларына жолданған.

 Бұл туралы Шымкент қаласының прокуратурасы мәлімдейді.

Заңға сәйкес, қорда жиналған қаражатты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган күнтізбелік он күннен кешіктірмей қылмыс құрбандарының банктік шотына аударады.

Орталықтандырылған тізілімді бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органға қылмыстық қудалау функцияларын іске асыратын мемлекеттік органдары ай сайын тұлғаны жәбірленуші ретінде тану туралы қаулы шыққан айдан кейінгі айдың он бесінші күніне қарай ұсынады.

Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган тізілім негізінде төлем тапсырысын қалыптастырады.

Төлемдер сексуалдық зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстар бойынша жәбірленушілер болып табылатын кәмелетке толмағандарға, адам саудасымен және азаптаулармен байланысты қылмыстар бойынша жәбірленушілерге, денсаулығына ауыр зиян келтірілген немесе адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтырған адамдарға, жәбірленуші қайтыс болған жағдайда, жәбірленуші құқықтары берілген адамдарға, ҚК-тің 46-бабы бойынша 124 қылмыс түрлеріне тағайындалады.

Қ. ҚАЛИЕВ.