HUAWEI БҮКТЕЛЕТІН ЖАҢА СМАРТФОНЫН ТАНЫСТЫРДЫ

Қытайлық Huawei компаниясы 2019 жылы шығарылған Mate 30 смартфонының жаңартылған Mate Xs нұсқасын шығарды.

Mate Xs моделі 5G желілерінде жұмыс істейтін әлемдегі интернет жылдамдығы ең жоғары смартфон болып тұр.

Компания өнімі модельінің басты ерекшелігі – бүктелетіндігі. Жаңа аппаратта экранның үш нұсқасы бар. Тегіс жайғанда жаңа аппараттың экранының диоганалі  8 дюймді құрайды. Ол 2480х2200 пиксель.

Смартфонның қуаттау құрылғысы да бұған дейінгі нұсқалармен салыстырғанда әлдеқайда жетілдірілген. Mate Xs тез қуатталады. Сондай-ақ, қуатты ұзақ ұстайды. Жаңа модель сымсыз қуаттау құрылғыларымен де жұмыс істейді.

Қытай компаниясының жаңа үлгідегі бұл смартфоны келесі айдан бастап сатылымға шығады. Смартфонның 512 ГБ жады бар бұл нұсқасының құны 1 млн. теңгеден бастап саудаланады.

С. НҰРАЙ.