МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ КҮШЕЙЕДІ

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
2015 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңымен мемлекеттік аппараттың кәсібилігі мен дербестігіне бағытталған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көзделген негізгі шаралар іске асырылды.
Мемлекеттік қызметке іріктеу рәсімі жаңғыртылды, құзыреттілік тәсіл негізінде мансаптық модель енгізілді, меритократия қағидаттары нығайтылды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сыбайлас жемқорлық қылмыс болған ведомстваның бірінші басшысының жауапкершілігін заңнамалық және нормативтік тұрғыдан реттеу керек» деген талабы қабылданған Заңда толығымен қамтылды.
Осы Заңмен қолдану практикасы барысында анықталған жекелеген проблемалық мәселелер мен қайшылықтар да шешілуде.
Өзгерістер туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Әли Көмекбаев ақпараттық-коммуникациялық орталық алаңында айтып өтті.
s Мемлекеттік қызметі туралы Заңның жаңа нормаларына сәйкес әкімшілік лауазымдарға конкурстан тыс тағайындау құқығы бар адамдар тобы кеңейтілді, атап айтқанда, халықаралық, шетелдік немесе трансұлттық ұйымдарда, шетелдік мемлекеттік құрылымдарда кемінде соңғы бес жыл жұмыс өтілі барлар, шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында докторантура бағдарламалары (PhD, бейін бойынша доктор) бойынша оқуын аяқтағандар, сонымен қатар, квазимемлекеттік сектор субъектісінде басшы немесе басшының орынбасары лауазымын атқарған азаматтар конкурстан тыс тағайындалады. Бұрын әкімшілік лауазымдарға конкурстан тыс орналасу құқығы тек судьялар, депутаттар, саяси және халықаралық қызметшілерде ғана болған.
Бұл ретте қабылданған түзету белгіленген талаптарға сәйкес келетін барлық азаматтар қатыса алатын конкурс бойынша әкімшілік мемлекеттік қызметке түсудің қолданыстағы тәртібін жоймайды.
s Жалпы конкурстарға қатысатын мемлекеттік қызметшілердің тестілеуден өтуі тоқтатылды.
Заңның бірқатар түзетулері мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін күшейтуді көздейді.
s Біріншіден, мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша басшыларға бағыныштылар жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша өз өкілеттіктерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік енгізілді.
s Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және басқару тәжірибесін тиімді пайдалану мақсатында саяси қызметшілерді ротациялау енгізілді. Яғни, ротация тиісінше бос немесе уақытша бос мемлекеттік саяси лауазымдарға немесе мемлекеттік саяси қызметшілер арасындағы лауазымдық орын ауыстырулар түсініледі. Бұрын ротация тек әкімшілік қызметшілерге ғана қолданылған.
s Екіншіден, мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілігін арттыру мақсатында мемлекеттік қызметшіде қызметтік этиканы бұзғаны үшін алынбаған жаза болған жағдайда лауазымды жоғарылатуға тыйым салынды.
s Сондай-ақ қабылданған заңмен мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік органның қызмет бейіні бойынша Президент жанындағы оқу орындарында және өзге де білім беру ұйымдарында оқыту мүмкіндігі енгізілген.
s Бос басшы лауазымдарын жедел толтыру мақсатында басшы лауазымдар міндеттерін уақытша жүктеу мерзімі 3 айға дейін шектелді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының көмекшілері мен кеңесшілеріне басшы лауазымдарын уақытша жүктеуге тыйым салынды.
s Бұдан басқа, мемлекеттік қызметке қайта түсетін тұлғаларға, олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімі, аттестаттау қорытындылары бойынша немесе теріс себептер бойынша бұрын босатылған адамдарға міндетті түрде сынақ мерзімі белгіленеді.
s Заңдағы өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік органдардың біліктілік талаптары уәкілетті органның келісімінсіз, мемлекеттік лауазымдарға тағайындауға құқығы бар лауазымды адаммен бекітілетін болады. Бұл ретте, уәкілетті орган үлгілік біліктілік талаптарын бекітеді.
s Сондай-ақ, қабылданған заң аясында Қазақстанда дамыған елдерде қолданылатын сәйкестендіру карталары енгізілуде, олар жақын арада көптеген мемлекеттік қызметшілердің қызметтік куәліктерін алмастырады.
Заңға енгізілген жоғарыда аталған және өзге де жаңашылдықтар ақпараттық-коммуникациялық орталық алаңында талқыланды.
Департамент тарапынан заңдағы барлық өзгерістер мен толықтырулар өңірдегі мемлекеттік және құқық қорғау органдарындарына жолданды.
Сондай-ақ, жаңашылдықтар әрбір органның персоналды басқару басшылары мен өкілдері қатысуымен өтетін ағымдағы аптадағы кездесуде егжей-тегжейлі талқыланады.
Заң мәтіні Департаменттің www.memkyzmet.kz ресми сайтында жарияланады.

МҚІА Шымкент қаласы бойынша
департаментінің баспасөз қызметі.