Калифорния көшеті Созақта

Қазақтың өмір-салты адамгершілікке баулитын, тіршілік иесіне зиян келтірмеу мен қоршаған ортаға жанашырлық сезімін тудыратын ғұрыптарға бай.
«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген даналық сөз адамға байлықтан гөрі жасыл желектің орасан пайдасы барын айшықтап тұрғандай. Мұның өзі біздің ата-бабаларымыздың экологиялық сауатының мол болғанын айғақтайды. Ата-бабаның осы ұлағатты сөзінің үдесінен шығу мақсатында Шолаққорғанда 1 000 түп калифорния қайыңының көшеттері отырғызылды. Қоршаған орта мен табиғат аясына немқұрайлы қарамай оны аялауға, ауылымызды таза ұстауға, жастарды еңбекке жұмылдыру арқылы таза әрі жасыл аймаққа айналдыруға шақыру мақсатында өткен ауқымды шараға Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов, Созақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабыл Еспенбетов бастаған қариялар, аудандағы мекемелер қызметкерлері мен ұстаздар, белсенді жастар атсалысты.

Мақсат Қарғабай.