ӨЗБЕКСТАНДА ӘСКЕРИ ПАРЫЗДЫ ӨТЕУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРТІЛДІ
Көрші Өзбекстан Республикасының Президенті елдің «Жалпы әскери міндет және әскер қызметі» жөніндегі заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Соған сәйкес, мемлекетте әскер қатарына қабылданғандардың барлығының Отан алдындағы азаматтық борышын өтеу мерзімі 12 ай болып белгіленді.
Бұған дейін ол мемлекетте саптағы сарбаздардың әскери парызын өтеу мерзімі екі түрлі болатын. Яғни, әскери борышын өтеу жаңа сержант құрамындағылар үшін 12 ай болса, жоғары білімі бар бөріктілер үшін 9 ай уақытты қамтитын.
Сонымен қатар, азаматтарды әскерге шақыру жылдың сәуір-маусым айлары аралығында жүргізілетін. Заңның жаңа редакциясына сәйкес енді бұл науқан сәуір-мамыр айларында жүргізілетін болып шегеленді.
С. НҰРАЙ.