«КӨП ТҮКІРСЕ – КӨЛ» мыңнан астам оқушыға мектеп сөмкесі таратылды
Ең ізгілікті шара «Мектепке жол» акциясына қатысуда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі де белсенділік танытты.
Шымкенттегі «Ақмешіт» орталық мешітінде өткізілген қайырымдылық шара аясында қаладағы 1100 оқушыға мектепке қажетті сөмкелер мен оқу құрал- жабдықтары таратылды.
Іс-шараға ҚМДБ Қайырымдылық және уақып істері бөлімінің меңгерушісі Камалжан Тұрдыбаев арнайы келді. Сонымен қатар еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Талғар Әбдінәбиұлы, Шымкенттегі Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рысбай Наштайұлы қатысты.
Шараға қатысқан мәртебелі қонақтар ата-аналар мен оқушыларға өздерінің ақ тілегін жеткізді.
Игілікті шара соңында ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай Қыдырбайұлы сауапты бастамаға қолдау білдірген барша азаматтарға риясыз алғысын білдірді.
М. ӘБДІРАЙЫМ.