ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ АЛҒАШҚЫ ЖОЛДАУЫНДА АЙТЫЛАТЫН НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕНІ МӘЛІМДЕДІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті ретіндегі тұңғыш Жолдауын алдағы қыркүйек айының 2-жұлдызында өткізуді жоспарлағаны белгілі болды. Бұл туралы Президент өзінің твиттер парақшасында жазған. Аптаның дүйсенбісіне дөп түсетін бұл күнде Қасым-Жомарт Кемелұлы қандай мәселелерге екпін түсіретінін де атап өткен.
Халыққа арнаған алғашқы Жолдауы кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде Парламентке және Үкіметке нақты тапсырмалар беретінін мәлімдеген.
«Уақыт».