ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ 600-ДЕН АСТАМ ҮЙДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУДЕ

Жойқын жарылысты бастан кешірген Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары қыза түсуде. Шымкент қаласы жауапты болып бекітілген 10-секторда да жұмыстар белсенді жүргізілуде.
Сектор жұмысының штабы Арыс қаласындағы М. Əуезов
атындағы орта мектепте орналасқан. Қала әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев штаб басшысы болып бекітілген.
Өз кезегінде ол Шымкент қаласы жауапты болып бекітілген №10 секторда атқарылып жатқан жұмыстарды былай деп тарқатады.
– Бізге берілген аумақта 650 үйдің 636-сы қалпына келтіруді қажет етеді. Соның ішінде 24 үйдің бірқатары жанып күлге айналса, қалғаны апатты жағдайға түскен. Сондықтан олар толықтай қайта салынады. Қалған баспаналарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Оны орындау үшін жергілікті билік 11 мердігер мекемемен келісім шарт түзген. Соның негізінде 400-ден астам үйге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 56 үйді (55 — жеке тұрғын үй; 1 — көппəтерлі үй) жөндеу жұмыстары аяқталды. Қалпына келтірілетін үйлер үшін Алматы мен Шымкент қаласында пластикалық терезелерге тапсырыстар берілген.

С. НҰРАЙ.