БИЫЛ ҚОЖА АХМЕТ ИАССАУИДЫҢ ТУҒАНЫНА-925 ЖЫЛ
Қазақстан Республикасыың Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру»бағдарламалық мақаласы аясында Жуырда аудандық орталық кітапханада Қожа Ахмет Иассауидің 925 жылдығына арнап «Түркі руханиятының темірқазығы» атты танымдық сағат өткізілді. Ақынның ислам дінін уағыздаушы, жақсылыққа баулитын, танымал «Диуани хикмет» шығармасын кітапханашылар нақышына келтіре оқып, кітап көрмесіне шолу жасап, кеш соңында кітапхана басшысы барша қатысушыларды ұлы бабамыз Қожа Ахмет Иассауи жерленген — киелі Түркістан қаласының биыл облыс орталығы болумен құттықтады.
Айту кетсек, Қожа Ахмет Иассауи — ортағасырлық аса көрнекті ақын, көзі тірісінде әулие атанған уағызшы, мистик-философ, дәруіш- сопылар қауымдастығының негізін қалаушы. Иассауи VII ғасырдың басында сауда және мәдени орталық болған Сайрам (Исфиджаб) қаласында дүниеге келген. Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы — «Диуани хикмет/ Диуани Хикмат» (Хикмат — жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 ж. Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын.Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.«Диуани Хикметтен» түркі халықтарына, соның ішінде қазақ халқына, ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады.