КҮРДЕЛІ ОТАЛАР СӘТТІ ЖАСАЛДЫ

Шымкент – Қазақстанның ең ірі қалаларының бірі және оның медицина саласы жыл сайын қарқынды түрде дамып келеді. Қалада жаңа заманауи ауруханалар мен емханалар ашылып, медициналық қызмет сапасы артып келеді. Соңғы жылдары Шымкентте жаңа медициналық орталықтар бой көтерді. Қаладағы №1 қалалық клиникалық аурухана, №2 қалалық аурухана, Шымкент жүрек орталығы сияқты мекемелер жоғары сапалы медициналық қызмет көрсетеді. Бұл орталықтарда заманауи жабдықтармен жабдықталған операциялық бөлмелер, диагностикалық зертханалар мен реанимациялық бөлімдер бар.

Медицина саласындағы басты жетістіктердің бірі – жоғары білікті мамандардың көбеюі. Шымкентте дәрігерлер шетелдік тәжірибелерден өтіп, заманауи емдеу әдістерін қолдана бастады. Қалада кардиохирургия, нейрохирургия, онкология және травматология сияқты маңызды бағыттар қарқынды дамып келеді. Сонымен қатар, жедел жәрдем қызметі мен цифрлық медицина салалары да жетілдірілуде. Қазіргі таңда көптеген емханаларда электрондық кезек жүйесі енгізіліп, науқастарға медициналық қызмет алу жеңілдей түсті. Шымкент қаласының медицина саласындағы даму қарқыны халықтың денсаулығын жақсартуға үлкен ықпал етеді. Алдағы жылдары бұл салада одан әрі ілгерілеу күтілуде, бұл өз кезегінде қаланың жалпы өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Мұны тектен-текке жазып отырғанымыз жоқ. Жуырда №1 қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері бір аптада екі бүйрек алмастыру отасын жасады. Кезекті операцияда 1976 жылы туылған әпкесінің бір бүйрегі сіңлісіне салынды. Рецепиент 2 жылдан бері созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен кезекте тұрып, гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Сондай-ақ аурухана дәрігерлері 1987 жылы туылған науқасқа қарындасының бүйрегін хирургиялық жолмен салып берді. Туыстық трансплантациялар сәтті өтті. Донорлар мен рецепиенттер палатаға ауыстырылды, жағдайлары жақсы. Оталарды аурухана дәрігерлері — Т.Садыков, Р.Үмбетжанов, Б.Бауыржан, Д. Қабылов, У.Мұқанова, К.Айтуов, Б.Керімкулов жасап шықты. Айта кетейік, бүгінге дейін №1 қалалық клиникалық ауруханасында 233 бүйрек және 32 бауыр трансплантациясы жасалды.