АҚПАРАТ ҮШІН АҚШАЛАЙ СЫЙЛЫҚ
Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС кәріз желілеріне қызмет көрсету бөлімінің мамандары ассенизаторлық машиналардың жүргізушілері тарапынан орталықтандырылған кәріз желілеріне ағынды суларды заңсыз ағызу фактілерін тіркейді. Мұндай әрекеттер ауыр апатқа және инженерлік инфрақұрылымның бұзылуына алып келеді. Бұл жағдай ағынды суларды тазарту процесіне кері әсер етеді және қызмет тұтынушыларына айтарлықтай қолайсыздықтар тудырады.
ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінде осындай әрекеттер үшін айыппұл санкциялары көзделген. 505-бапқа сәйкес, 2-бөлім «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзу» жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне — елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне — үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Егер сіз ассенизаторлық автомобильдердің орталықтандырылған кәріз желісіне ағынды сулардың төгілуіне куә болсаңыз, фото және бейнетүсірілім жасауды, осы материалдарды whatsapp-қа жіберуді сұраймыз. Байланыс нөмірі: +77081102121; +77057581111. Сенімді ақпарат үшін ақшалай сыйлық қарастырылған!
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС.