ТАЛАПТЫ САҚТАМАҒАНЫ ҮШІН ЕКІ МЕКЕМЕ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІНЕН АЖЫРАТЫЛДЫ
Клара Цеткин көшесінің тұрғындары кәріз коллекторының жағымсыз исіне шағымданған болатын. Тексеру барысында ауа құрамында зиянды заттардың нормадан асып кетуі анықталған.
Себепті анықтау үшін «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС мамандары бірқатар іс-шаралар өткізді. Сынақ зертханасының өкілдері бірнеше кәсіпорынның құбырларынан шыққан ағынды судың сынамаларын алды. Нәтижесінде екі өндірістік мекеменің ағынды суында зиянды заттардың шекті концентрациясының көрсеткіші белгіленген нормалардан жоғары болды. Мекемелердің иелеріне анықталған оқылықтарды шұғыл жою қажеттілігі туралы хабарламалар берілді. Алайда белгіленген мерзімде зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясының жоғарылауы жойылған жоқ. Нәтижесінде екі ұйым су бұру қызметтерінен ажыратылды.
Өнеркәсіптік ағынды суларда зиянды заттар рұқсат етілген концентрациясынан асып кетсе, инженерлік инфрақұрылымға зиян келтіреді. Жағымсыз иіс қала тұрғындарына қолайсыздық тудырады. Бұдан басқа, тазарту құрылыстары кешенінде ағынды суларды биологиялық тазарту жүзеге асырылатын бактерияларға зиян келтіріледі.
Екі мекемені ажыратқаннан кейін зертхана мамандары қайтадан ауа сынамаларын алды. Бастапқы талдау қабылданған шаралардың тиімді екенін көрсетті. Осы орайда, зертхана маманы Жанна Маратбекқызы «Біз Клара Цеткина көшесін қазір екі жерде өлшеп жатырмыз. Біз 119 және 137-үйлердің жанындағы құдықтарды тексереміз. Аумақта күкіртті сутегі мен аммиак ПДК-дан аспады. Бәрі жақсы» деп атап өтті.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС әкімшілігі өнеркәсіптік ұйымдардың иелеріне сарқынды суларды қабылдау ережелерін сақтау қажеттігін еске салады. Кәсіпорын мамандары орталықтандырылған кәріз желісіне ағызылатын өнеркәсіптік сарқынды сулардың сапасына тұрақты мониторинг жүргізеді. Зиянды заттардың нормадан асып кетуі анықталған жағдайда, ережелерді бұзушыға су бұру және сумен жабдықтау қызметтерінен ажыратылғанға дейін қатаң шаралар қолданылады.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС әкімшілігі.