АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ WORKSHOP ӨТТІ

Бүгінде Түркістан қаласы елімізде ғана емес, Түркі әлемінде де тез танылып келе жатқан қалалардың қатарына жатады. Тарихи қалада тың бастамалар көтеріліп, сәтті жүзеге асып келе жатыр. Мәселен, жуырда ғана Turkistan hub-тың ұйымдастыруымен ІТ және «Болашақ» бағдарламасындағы ағылшын тілінің маңыздылығы туралы workshop өтті.

Аталған іс-шараға оннан астам жас қатысып, онда «Болашақ» бағдарламасының түлегі Марат Айнабеков спикер болды. Ол «Бирмингем» университетіндегі тәжірибесімен бөлісіп, IELTS 7.0 деңгейіне қалай жеткені туралы айтты. Сондай-ақ ІТ мамандары үшін сыни ойлаудың артықшылықтарына тоқталды. «Шетелде оқитын студенттерге лекция ағылшын тілінде өтетіндіктен IELTS-тен жоғары балл жинаудың артықшылығы көп. Себебі ағылшын тілін жоғары меңгерген студенттер сабақты да жақсы түсіне алады. Бұл көптеген мүмкіндіктердің ашылуына септігін тигізеді. Сонымен қатар ол жақтағы ақпараттардың бір өзгешелігі – нақтылықты қажет етеді. Яғни, айтылған сөз дәлелдемелермен түсіндірілуі тиіс. Ақпаратты тарату алдында оның шындыққа жанасатындығын көрсететін фактілер болуы қажет» деді спикер.
Айта кетейік, Марат Фаритұлы қазіргі таңда Түркістан облыстық цифрландыру, мелекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы болып қызмет атқарады.