МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Бүгінде құмар ойындарының қоғамға зардабы ауыр тиіп отыр. Жасөспірімдер мен жастарды былай қойғанда, мемлекеттік қызметшілер арасында да мұндай жайттардың көрініс беріп жататыны жасырын емес. Сондықтан сала мамандары түрлі көшпелі отырыстар өткізіп, ақпараттық-насихат жұмыстарын күшейткен. Күні бүгінге дейін Түркістан облысына қарасты аудандарда біз сөз етіп отырған көшпелі жиындар бірнеше рет өткізілді. Осы орайда, бүгінгі материалымызда осы бағытта атқарылған тағы бір шара турасында тарқата баяндамақпыз.
Өткен аптада Шардара ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Ж.Бердешов жоспарға сәйкес, шығу семинарымен аудандық кәсіпкерлік бөлімінде болды. Жиында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және құмар ойындарға әуестік пен ойын-сауық мекемелеріне бармау, мемлекеттік қызметшілердің жалпыға бірдей қабылданған іскерлік стиліне сай болу, сондай-ақ әлеуметтік желілерді қолдану барысында өздерінің ой-пікірлерін көрсетілген талаптарға сай дұрыс жеткізу, қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстану, өзара қарым-қатынас пен сындарлы ынтымақтастықты орнатуға, нығайтуға ықпал ету, және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға шектеу мәселелері жайында айтылды.
Жиын барысында мемлекеттік қызметшілер өз ойларын ортаға салып, туындаған сұрақтарына жауаптарын алды. Айта кетейік, жыл басынан бері Түркістан облысына қарасты аудандарда құмар ойындардың алдын алу бойынша көптеген тың бастамалар жүзеге асып келеді. Арнайы оқыту-семинарлары өтті. Оған аудандар мен қалалардағы жастар ұйымдарының психологтары, белсенділер қатысып, тың ақпараттар алды.