«МАМЫР – ЫНТЫМАҚ АЙЫ» АЙЛЫҒЫ ӨТТІ
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты №58 жалпы орта білім беретін мектебінде «Мамыр – Ынтымақ айы» айлығында бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайдың ІІ, ІІІ отырыстарындағы өскелең ұрпақты жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу, ұлт сапасы мен мәдениетін арттыру бойынша берген нақты тапсырмасы аясындағы іс-шаралар мектебімізде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде жүзеге асырылуда.
Аталған іс-шаралардың басты мақсаты — балаларды әлеуметтік, қоғамдық тәрбиеге баулу, бірлікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу мен отаншыл, мемлекетшіл, туған жерді қастерлейтін, адал, жауапкершілігі мол, мейірімді, бауырмал, сыни ойлайтын, қаржылай сауатты, үнемшіл, еңбекқор, жасампаз тұлға ретінде қалыптастыру.
Сонымен қатар әр мерекелік шарада бала бойында отанына, еліне мақтаныш пен сүйіспеншілікті қоғамға қызмет ете отырып, еңбекқорлықты, адалдықты, әділдікті, ысырапқа жол бермеуді, мейірімділікті, бауырмалдылықты шынайы көңілмен қалыптастыруға баулиды.
Жоспарға сәйкес, «1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні» сыныптарда тәрбие сағаты өтіліп, 1-4 сынып оқушылары диктант жазса, 5-11 сынып оқушылары эссе жазды.
7 мамыр — Отан қорғаушылар, 9 мамыр — Жеңіс күніне орай, мектептің акт залында 9-сынып оқушыларының қатысуымен «Ерлігім — елім үшін» іс-шарасы өткізілді. Жетекшісі — Ақмарал Абдырова.
10 мамыр — игі істер күні. Халқымыздың бойында кішіге қамқор болу, мейірімділік сияқты қасиеттер балалардың жүрегіне жылу сыйлайды. Оқушылар апайларымен бірге сурет салып, әртүрлі жаттығулар жасап, уақыт өткізуді қалайды және осы сәтті асыға күтетіні анық. Осы мақсатта сабақтан тыс уақыттағы кездесу ұйымдастырылды. Пән мұғалімдері – Ұлымбаева Гаухар, Мамырова Ләйлә, Намазова Гүлсім.
17 мамыр — кітап алмасу күні мектеп кітапханашылары Р.Нұрмаханова мен Ж.Нәлмішова апайлардың ұйымдастыруымен арнайы шара өтті. Яғни оқушылар өзі оқыған кітабын мазмұндап, досына сыйға тартты. Осындай игі істер шәкірттердің жүрегіне жол тауып, өмірге, білімге деген қызығушылықтарын, адам бойындағы асыл қасиеттерін арттырары анық.
Салтанат Нұржігітқызы Бекмұрзаева,
№58 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.