ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы лауазымына тағайындалды.

Әлихан Асханұлы Смайылов 1972 жылы Алматыда дүниеге келген. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін қолданбалы математика мамандығы бойынша тәмамдайды. 1996 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алады.
Қаржы вице-министрі, «ҚазАгро» ұлттық холдинг президенті, статистика агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі, қаржы министрі, премьер-министрдің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды. 2022 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың ақпанына дейін премьер-министр болды.

«Уақыт».