ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Шымкент қаласының туризмді дамытудағы мүмкіндігі жоғары. Осы орайда, әлемнің бірқатар елдерінде қаланың туристік әлеуетін таныстыру мақсатын көздейтін бастамалар жүзеге асып келеді. Жуырда осындай шараның бірі өтті. Толығырақ тоқталайық…
Үшінші мегаполистің ішкі және сыртқы туризм саласын дамыту мақсатында Әзірбайжан Республикасының астанасы Баку қаласында туристік бизнес өкілдеріне арналған ақпараттық «Road Show» ұйымдастырылды. Роуд-шоуға түрлі туристік және ақпараттық орталықтардың 60-тан астам өкілі қатысты. Оларға Шымкенттің көрікті жерлері бейнеленген бейнероликтер көрсетіліп, «Шымкент шайы» мен ұлттық тағамдар ұсынылды.
«В2В» кездесулер нәтижесінде туризм саласы өкілдерімен екіжақты ынтымақтастық меморандумдарына қол қойылып, бірлесе жұмыс істеу шаралары келісілді. Айта кетейік, 6 айлық статистикалық есептік көрсеткіш бойынша Шымкент қаласына 200 мыңнан аса турист келген. Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін 400 мыңнан асыру жоспарланып отыр.
С.НҰРАЙ.