БІРЛІК БАР ЖЕРДЕ БЕРЕКЕ БАР

   Ынтымақ пен бірлік бар жерде даму бар. Ал ондаған ұлт пен ұлыс тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан біздің елімізде біртұтастықтың маңызы айрықша. Өз кезегінде, қазргі таңда аталған мақсатты көздейтін түрлі шаралар атқарылып келеді. Ашып айтсақ, ақпараттық-насихат жұмыстары кеңінен қолға алынуда. Мұның нәтижесі де жақсы. Сәйкесінше, аталған топтың құрамы толығып, артылар жауапкершілігі де ауырлаған. Тарқатайық…

Шымкент қалалық ҚХА жанынан құрылған ақпараттық-насихаттық топ құрамы өзектендіріліп, тізімге ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топ мүшелері, кәсіби медиаторлар, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, ақсақалдар кеңесінің мүшелері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері енгізілген. Топ құрамы 14 адамнан жасақталған. Оның ішінде этномәдени бірлестік төрағалары мен мүшелері — 7 адам, ғалымдар — 1 адам, азаматтық ұйымдар — 1 адам, дін өкілдері — 1 адам, қоғамдық пікір көшбасшылары — 1 адам, мемлекеттік мекемелер қызметкерлері — 3 адам.
Шымкент қаласы аумағындағы 81 елді мекенде ақпараттық-насихаттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша қала басшылығымен арнайы кесте бекітілген. Алғашқы жартыжылдықта кестеге сәйкес 45 тұрғын алапта кездесу өтіп, оларға 5000-нан аса адам қамтылды. Шымкент қаласы аумағындағы этнос өкілдері тығыз шоғырланған 23 тұрғын алаптарда этноконфессиялық төзімділік мәселелері бойынша және этносаралық негіздегі қақтығыстарды болдырмау, әрқайсысының жеке ерекшелігін сақтау, мүдделерді бұзбай келісімге қол жеткізу сияқты қағидаттар түсіндіріліп, ақпараттандырылды.