«СЫМБАТ-НҰР» — САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КЕПІЛІ

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! «Сымбат-Нұр» медициналық орталығына тіркеліп, медициналық қызмет түрлерін тегін ала алатындарыңызды хабарлаймыз. Емханаға тіркелу арқылы сіз міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында тегін қызмет ала аласыздар. Мекеменің мүмкіндігі мол, тарихы да тереңнен бастау алады. Тарқатайық…

Медициналық орталықты 2000 жылы Бәтеш Айтбайұлы ашты. Ол кезде орталық базасында уролог, гинеколог, УЗИ , терапевт, лаборатория және дәріхана жұмыс істеді.
2012 жылы 5 қабатты жаңа ғимарат соғылып, мекеме сонда көшті. Өйткені онда барлық жағдайлар жасалған. 2 ота залы мен 15 пациентке арналған төсек-орын бар. Екінші қабатта дәрігерлер науқастарды қабылдаса, үшінші қабатында 30 орындық оңалту-сауықтыру бөлімі жұмыс істейді. Бірінші қабатта қабылдау бөлімі, дәріхана және тіркеу бұрышы орналасқан. Жертөледе цифрлық рентгенография, цифрлық флюорография, УЗИ 4Д, ГБО (барокамера), лаборатория (барлық түрі) бар.
Орталық 2018 жылы «Халыққа тегін қызмет көрсету» бағдарламасын бастады. Оның көлемі алғашқы кезде 2000 адам болса, қазіргі уақытта өз еркімен 10000 адамға жеткен. Яғни осыншама адам мекеме қызметіне жүгінеді.
2018 жылы мекеме Ақжайық мөлтек ауданынан халыққа тегін қызмет көрсететін медициналық орталық ашты. Онда 10 төсек-орындық тегін күндізгі стационар бар. Білікті дәрігерлер науқастарды қабылдайды. УЗИ, флюорография, фаммография, ЛОР-комбайн, стоматология, хирургия, гинекология бөлімдері бар. Терапевттер, ЖТД-дәрігерлер жұмыс істейді.
2022 жылы Қайтпас-1 мөлтек ауданынан тағы бір медициналық орталықтың филиалы ашылды. Ол жерге заманауи аппарат «MRT-Siemens» құрылып жатыр. Бұдан бөлек, УЗИ, ЭКГ, лаборатория, ФИЗ кабинеттері ашылған. Мекеме мемлекеттік тапсырысқа қатысады. Халыққа тегін қызмет ету мақсатында жұмыс істейді. Осының бәрін жоғары санатты дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Бәтеш Айтбайұлы ұйымдастырып, ісін дөңгелетіп отыр.
Сапалы медициналық қызмет алғыңыз келсе, төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласуыңызға болады:
+ 7 701 736 80 78, +7 775 018 00 03.