«МӘСЕЛЕМІЗДІ ШЕШЕ АЛАТЫН ДЕПУТАТ КЕРЕК»
Қазығұрт, Құрсай шағынаудандары тұрғындарының көптігімен ерекшеленеді. Қаламыз мегаполис мәртебесін алғалы шеттегі шағынаудандарға көңіл бөлініп, халыққа қолайлы жағдай жасалып келеді. Десек те ауқымы кеңейіп келе жатқан біздің елді мекеннің кей аймақтарында ауыз су, автожол, жарық, қоғамдық көлік, кәріз жүйесіне қатысты түйткілді мәселелер кездеседі. Мәселен, Құрсай шағынауданының тұрғындарын жарықтың сапасыздығы мен ауыз су мәселесі алаңдатады. Инфрақұрылымдық жүйелерден бөлек мұнда көпшіліктің бұқаралық спортпен айналысуына жағдай толық жасалмай келеді. Сонымен қатар балалардың ойын алаңы мен мәдени демалыс орындарының қажеттігі сезіледі.
Ал осы шағынаудандар арқылы өтетін республикалық үлкен жол бүгінде жүруге жарамсыз күйге түсті. Әбден тозығы жеткен жолдың азабын бірнеше жылдан бері тартып жүрміз. Жөндеу жұмыстары басталады дегелі біраз жыл өтті. Мәселе әлі күнге сағызша созылып келеді. Депутаттарды сайлау науқаны кезінде осы мәселеге мейілінше мән беруіміз керек. Бізге халыққа жаны ашитын, талап-тілегімізге құлақ асып, мәселемізді шеше алатын депутаттар керек. Жыр болған жол мәселесінің жедел шешілуіне ықпал етуі қажет.
Біздің аймақтан қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлермен таныстым, бағдарламаларын оқыдым. Солардың ішінде таңдауым Мерлан Керимжановқа түсіп, біздің депутат болуға лайықты деп санап отырмын. Талай жылдан бері қаланың шаруашылығына белсене араласып, осы салада мол тәжірибе жинаған азамат екен. Тұрғындарға нақты көмегі тиетініне сеніп отырмын. Аумақтың белсенді азаматы ретінде тұрғындарды сайлауда дұрыс таңдау жасап, осы жігітті қолдауға шақырамын.
Исабек Үйсімбаев,
Құрсай шағынауданының
белсенді азаматы.