ДЕПУТАТТАРДЫ МАНДАТЫНАН АЙЫРУ: ЖАҢА НОРМА ҚАРАСТЫРЫЛУДА

Енді ел тұрғындары мәслихаттар мен Мәжіліс депутаттарын мандатынан айыра алады. Бұл норма «Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына енгізілген.

«Бұл реформаның маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Бұрын заңнамада мұндай норма болған емес. «Сайлаушылардың сенімін жоғалту» — мұны сөзбен сипаттау мүмкін емес. Бұл үміткердің өзіне байланысты. Округке сайланған кезде әркім сайлаушылар мәселелерін шешуге уәде береді, оларды тыңдайды және орындауға уәде береді, бірақ орындамайды, мұндай адамдар бар. Екінші жағынан, халықпен кездесу, сайлаушылармен өзара іс-қимыл жасамау — мұндай жағдайлар да болады» деді Мәжіліс отырысында әділет министрі Қанат Мусин.
Министрдің сөзінше, депутатқа деген сенімнің бар немесе жоқ екенін сайлаушылардың өзі шешеді. Нақтырағы «Осы мақсатта бұл заң жобасында нақты көрсетілмеген, өйткені жағдайлар әртүрлі. Шешім сайлаушыларда қалады. Біріншіден, сайлаушылар депутаттық мандатты қайтарып алу үшін қажетті дауыстарды жинауы керек. Ол үшін сайлаушылардың 30 пайызы қол қоюы керек. Мұндай жағдайда сайлау комиссиясы сайлау күнін белгілейді. Егер сайлаушылардың 50 пайыздан астамы депутаттық мандатты кері қайтарып алуға дауыс берсе, мұндай жағдайда ол іске асырылады» деп түйіндеді министр өз сөзін. Қорыта айтсақ, енді көпшіліктің сенімінен шығып, жедел әрекет етпейтін депутаттарға тықыр таяды. Елдің мәселесіне назар аудармайтын болса, көпшіліктің дауысымен мандатынан айыру мүмкіндігі заңмен шегеленбек.