200 АДАМ ЖҰМЫСТАН ОРАЛМАҒАН

Былтыр өндірістегі жазатайым оқиғалардан 1 465 адам зардап шеккен. Олардың ішінде 200 адам қаза тапқан. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 2,5 пайызға аз.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті мәлімдейді.
Өндірістік жарақаттан зардап шеккендердің 238-і Қарағанды, 204-і Шығыс Қазақстан, 122-сі Қостанай, 114-і Павлодар, 107-сі Ақтөбе облыстарында орын алған. Тағы 107 адам Алматы қаласындағы кәсіпорындарда өндірістік жарақатпен бетпе-бет келген. Экономика салалары бойынша зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарында – 18,8% (276 адам) және құрылыс саласында 11,3 % (167 адам) байқалады.