ҰҚШҰ ӘСКЕРЛЕРІНІҢ БАРЛЫҒЫ ЕЛДЕН ШЫҒАРЫЛДЫ
Елімізде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгершілік күштерін елден шығару операциясы аяқталды. Сәрсенбіде бітімгершілік әскердің соңғы легі елден кетті. Осылайша 13-қаңтардағы Қазақстан аумағындағы үш облысқа орналастырылған ҰҚШҰ әскерлерінің елден шығару он күнге созылады деген меже мерзімінен бұрын орындалды.
Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Еуразиялық интеграция департаментінің директоры Александр Синяговский ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің миссиясы сәтті аяқталғанын хабарлайды.
Айта кетейік, алты мемлекет мүше болып табылатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы құрылғаннан бері 30 жылдың ішінде бітімгершілік күштерді алғаш рет Қазақстан пайдаланылып отыр.