ӨСІМ ЕТ, СҮТ, ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРІСІН АРТТЫРУ ЕСЕБІНЕН ҚАЛЫПТАСТЫ

Шымкентте ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ауылшаруашылық өнімінің көлемі 34,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,6 пайызға артқан.

Оның ішінде мал шаруашылығы – 21,1 млрд. теңге, егін шаруашылығы – 12,6 млрд. теңгені құраған. Өсім ет өнімінің көлемін 4,2 пайызға (11,8 мың тонна), сүт өнімін 2,2 пайызға (39,1 мың тонна), жұмыртқа өндірісін 1,1 пайызға (116,5 млн.дана) арттыру есебінен қалыптасты.
Қала аумағында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 62,6 мың га құрайды. Оның ішінде, егістік жер 39,5 мың га, суармалы жер көлемі 11,0 мың га. Егістік жерлер өткен жылмен салыстырғанда 1,2 мың га артып, 27,9 мың га болды. Алқаптан барлығы 85,4 мың тонна өнім жиналды.
Озық технологияны қолдану мақсатында жылыжайдың жалпы көлемі 195,2 га жетті. Ағымдағы жылы агро-индустриалдық аймақта қосымша 27,5 га жерге заманауи жылыжай кешенін құрайтын 6 жобаның құрылысы жүргізілуде. 2021 жылдың 9 айында экспортталған ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 99,3 млн.АҚШ долларын құрады. Ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау мақсатында биылғы жылы 4 718,1 млн. теңге субсидия бөлінген.
2021 жылы энзоотиялық ауруларға қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында, көктемгі және күзгі мезгілде жалпы 193 846 бас ірі қара малды бүрку, 3 922 000 шаршы метр қора жайлар мен 751 500 шаршы метр буферлік аумақтарға және 3 983 428 шаршы метр саябақтар мен гүлзарларға қарсы залалсыздандыру жұмыстары жоспарға сәйкес толығымен атқарылды. Есепті кезеңде қалада 27 527 ит-мысықтар ауланып, уақытша ұстау орталығына жеткізілді.