Лицей ұстаздарын еске алды

Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ мектеп-лицейінде 6 қараша күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай ардагер ұстаз, спорт жанашыры Шойынбетов Әшірхан Арғынбекұлына №104 спорт залға есімін беру және еске алуға арналған аудан мектеп мұғалімдері арасында спорттың баскетбол түрінен жарыс өткізілді.

Жарыстын ашылу салтанаты өтіп, арнай келген қонақтар Шойынбетов Әшірхан ағамызға есімі берілген №104 спорт залдын лентасын қиып, баскетболдан өткен жарысты тамашалады. Жарысқа аудан мектептерінен 9 команда қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша ІІІорынды І.Кеңесбаев мектебінің командасы, ІІ орынды Н.Төреқұлов мектебінің командасы, І орынды Ш.Уәлиханов мектебінің командасы иеленіп, чемпион атанды. Командалар медальмен, кубокпен, арнайы мадақтамамен марапатталды. Жарысқа қатысқан командаларға рахмет айта отырып алдағы жарыстарда жоғарғы биіктерден көрініп, жеңімпаз болуларына тілектеспіз.

«Созақ үні» ақпарат.