ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығында «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні» мерекесі қарсаңында әлеуметтік саланың жақсаруына үлес қосып келе жатқан әлеуметтік сала қызметкерлеріне арналған салтанатты жиын өтті.

Жиынды Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Асия Құралқызы Темірбаева ашып, облыс бойынша атқарылып жатқан әлеуметтік саладағы жұмыстарды сараптап таныстырды.
Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Қалмұханұлы Тәжібаев және аудан, қала әкімдерінің әлеуметтік сала бойынша жауапты орынбасарлары, ардагерлер, әлеуметтік сала қызметкерлері және қоғамдық ұйым басшылары қатысты. Мереке қарсаңында бірқатар азаматтар облыс әкімінің, облыстық маслихаттың Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Созақ ауданы әкімінің орынбасары Айдарбеков Бағдат Бегманұлы облыстық мәслихаттың Құрмет грамотасымен марапатталса, «Асар» Түркістан облысының мүгедектер қоғамы Созақ аудандық филиалының төрағасы Саржанов Біржан Рысбайұлы Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалының Алғыс хатын алды.
Жиын соңы Түркістан қаласына жасалған экскурсияға жалғасты. Жиынға қатысушылар «Ұлы Дала Елі» орталығын, «Алтын Самұрық» театры мен Тұңғыш Президент саябағы тамашалады.

Мақсат ҚАРҒАБАЙ.