ТҰРАНДЫҚТАР ТАЗА ТІРШІЛІК КӨЗІН ТҰТЫНАТЫН КҮН ТАЯУ

Қазіргі таңда Шымкенттегі елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында 14 нысанда құрылыс жұмыстары қарқын алған. Ол нысандардың бірі «Тұран» шағын ауданы.

Қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан батысында Бәйдібек би даңғылымен шектесетін, солтүстігінде А-2 «Алматы-Термез» автокөлік дәлізі жатқан шағын ауданға ауыз су жүйесін тарту жұмыстары 2018 жылы басталған болатын. Ауқымды жоба «Үшсай» ЖШС тапсырылған. Ауыз су жүйесінің жалпы ұзындығы 59,8 шақырымды құрайды. Бүгінде ауыз су құбырының құрылысы толық аяқталып, құбырларды жуып-шаю жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде осы айдың соңында «Тұран» шағын ауданындағы 12 600 адам сапалы ауыз сумен қамтылады. Жалпы аталған шағын ауданда 1745 жеке тұрғын үй мен 59 көпқабатты үй бар.