«E-SALYQ AZAMAT» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫНЫҢ КӨМЕГІ ҚАНДАЙ?

Енді қазақстандықтар кез келген азаматқа қолжетімді «Е-Salyq Azamat» мобильдік қосымшасын жүктеп алып, активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны үйден шықпай-ақ тапсыра алады. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Әлібек Лесов Өңірлік коммуникциялар
қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Департамент өкілі «Мобильдік қосымшаны салық төлеушілер дұрыс қолдана білсе, онда мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерінің жұмысы жеңілдейді. «E-Salyq Azamat» қосымшасында тұрғындар электрондық салық әмиянын қашықтан толтыра алады.
Жалпыға бірдей декларациялау, салық салу объектілері, қызметкердің еңбек ақысы, электронды сервистер, калькулятор, салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы қызмет түрлері ұсынылған»,- деді Әлібек Шәмшінұлы.
«E-salyq Azamat» тегін мобильді қосымшасын App Store және Play Market-тен жүктеуге болады.
Ағымдағы жылдың 3-ақпанындағы жағдай бойынша елімізде салық әмиянын пайдаланушылар саны 130 мыңнан асады. Ал жеке кәсіпкерлер үшін «E-Salyq-business» қосымшасы әзірленуде.