ТҮРКІСТАНДА БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУҒА МҮМКІНДІК МОЛ
Түркістан қаласында бұқаралық спортты дамытудың мүмкіндігі көп. Облыс орталығына айналғаннан бастап осы бағытта құрылыс жұмыстары қарқын алып, жергілікті жерде спорттық инфрақұрылымның саны артты.
Қазіргі таңда қалада 200-ден астам спорт нысаны бар. Оның 139 спорт ойын алаңы болып табылады.
Бұдан бөлек, қалада 1 спорт сарайы, 42 спорт залы, 5 жүзу бассейні, 4 спорт кешені, 4 стадион, 10 теннис корты бар.
2018-2020 жылдары Түркістан қаласында заманауи үлгідегі жасанды төсенішімен 40 ашық спорт алаңшалары салынып, пайдалануға берілген. Олар 26 кіші футбол алаңы, 6 теннис корты, 5 стрит воркаут алаңы, 3 стритбол. Сонымен қатар, 7000 орындық «Turkistan-Arena» стадионы мен жабық бассейні бар спорт сарайы іске қосылған.
Дүниежүзі бойынша кең тараған спорт түрі футболды дамыту мақсатында УЕФА-ның халықаралық талаптарына сай 7000 адамға лайықталған «Turkistan-Arena» стадионында оқу-жаттығу жиындарымен қатар, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстар өтілетін болады.
Естеріңізде болса қалаға ерекше реңк сыйлаған заманауи стадионды Түркістанға «Самрұқ Қазына» ҰӘҚ АҚ тарту еткен. Нысанда жеңіл атлетикаға арналған жабық арена, акробатика, бокс, ауыр атлетика, спорттық гимнастика және йога залдарымен жасақталған.