ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН КӨЛІКТЕРДІ УТИЛИЗАЦИЯЛАУҒА ҚАБЫЛДАУ ТОҚТАТЫЛДЫ
Биыл ескі көліктерді қабылдау бекеттерінде жылдық жоспар мерзімінен бұрын орындалған. Биыл 40 мың ескі көліктерді қабылдау жоспарланған. Меже толық іске асқан. Осыған орай-24 желтоқсаннан бастап тозығы жеткен темір тұлпарларды қабылдайтын бекеттер ескі жеңіл, жолаушылар және жүк көлігін қабылдауды тоқтатады.
Бұл туралы ақпарат өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері операторының сайтында хабарланған. Хабарламада 23-желтоқсаннан бастап Қазақстанның 17-өңіріндегі ескі көліктерді қабылдау бекеттері ескірген жеңіл, жолаушылар және жүк көлігін қабылдауды аяқтайтынын, ал автокөлік иелерінің өтініштері электрондық кезекке сәйкес сағат 17:00-ге дейін өңделетінін ескерткен. Одан кейін 24-31 желтоқсан аралығында қабылдау бекеттерінде тау болып үйілген техникаларды сығымдап, қәдеге жарату мақсатында Қарағандыдағы зауытқа тасымалдау жұмыстары жүреді.
Дегенмен де ескі техниканы қабылдау 2021 жылы қайта жалғасатын болады. Бұл туралы қосымша ақпарат хабарланады.