Жақсылық тек адамдардың қолында
Темекі шегушілерде никотинге сезімтал ми орталықтары тежеліп тұрған күйде, сол себепті олардан бастау алатын жүйке ұшында тіндердің қалыпты құрылымы мен функцияларына қажетті заттар жеткіліксіз пайда болады.
Темекі шегу нәтижесінде көптеген ұлпалар мен мүшелерде жүйке дистрофиясы байқалады, ал оның аясында әртүрлі ауруларға бейімділік пайда болады.Никотиннің мөлшері адам үшін 30-60 мг-да өлімге әкеп соғады, 5-6 мг-да қатты улануды тудырады.
Аз мөлшерде никотин жүйке жүйесіне әсер етеді, оның салдарынан үлкен ауруға шалдығуы әбден мүмкін (тыныс алудың тоқтауы, жүрек қызметінің тоқтауы). Никотинмен улану симптоидарда шылым шегетін адамдарда: жүрек айнуы (кейде құсуы), бас айналуы және бас ауруы пайда болады. Тұрақты темекі шегушілерде, керісінше, ми іс-әрекеті қозғалады және қанағаттандыру сезімі пайда болады. Темекі шегу– бұл зиянды әдет. Денсаулыққа кері әсер келтіретін нәрсе.
Қазіргі адам өзінің моральдық және физикалық әл-ауқаты туралы жиі ойлана бастағаны жақсы. Мәселен,темекі шегетіндер мен алкогольді асыра пайдаланушылардың қатарындағылар өмірге қауіпті әртүрлі ауруларға шалдығып жатады. Өкінішке орай, осы қос саланың белсенділерін үлкен зиян келіп, олардың өмір сүру мерзімі қысқарады. Қазіргі таңда экологияның ластануы,тамақтарымыздың табиғи болмауы, сонымен қатар спортпен шұғылданбау арқылы денсаулыққа көңіл бөлмей келеміз. Ең қымбат байлығымыз ДЕНСАУЛЫҒЫМЫЗДЫ күтейік. Әр нәрсені уақытында тыйып, алдын алған қандай ғанибет.
Бұлбұл БЕКТЕМІС,
№ 6 қалалық емханасының әлеуметтік қызметкері.