БИЫЛ КӨЛІКТІ БОЛҒАНДАР КӨБЕЙІП ТҰР

«ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы 2020 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында еліміздегі ресми дилерлердің 70549 көлік сатқанын мәлімдеді.

Бұл өткен жылдың сәйкес уақытымен салыстырғанда 25,9 пайызға көп. Жаңа көліктер бағасының жалпы құны 633,6 млрд теңгені құраған.
Темір тұлпарлы болған 70 мыңнан астам азаматтың 50 425-і немесе 71,5 пайызы отандық зауыттардың өнімін таңдаған. Ал қалғаны өзге елден келген көлікті сатып алуды құп көрген.
«ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы сатылған көліктердің ішінде жұрттың таңдауына ең көп ие болған көліктердің ТОП ондығын да жариялады. Ағымдағы жылдың он айында елімізде сұранысы жоғары брендтердің арасында үздік бестікке Lada, Hyundai, Toyota, Ravon, Chevrolet көліктері енген. Ондықты KIA, GAZ, Renault, Volkswagen және Nissan түйіндеген.