Жөндеу жұмыстары мәреге жетті
![](https://uaqyt.kz/wp-content/uploads/2020/09/БІРҚАТАР-КӨШЕЛЕРДЕ-ЖӨНДЕУ-ЖҰМЫСТАРЫ-АЯҚТАЛДЫ.jpg)
Шымкентте бірқатар көшелерде жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Жалпы құрылыс жұмыстарын қыркүйек-қазан айларында аяқтау жоспарланған болатын.
Атап айтқанда, Қазығұрт шағынауданындағы «Құрылыс» көшесінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Көшенің ұзындығы – 700 метр, ені 4 метр. Тұрлан шағынауданындағы Әйтеке би көшесіне орташа жөндеу және аяқ жол салу жұмыстары толығымен орындалды. Жауапты мердігер мекеме «Оңтүстік Ғимарат Құрылыс» ЖШС-і екі көшені де өз мерзімінде тапсырды.
Сондай-ақ, Әл-Фараби ауданында «ӘлемТрансЖол» ЖШС-і жүргізген бірқатар көшелерде орташа жөндеу жұмыстары атқарылып, пайдалануға берілді. Метрологический, Шевченко көшесінде (көшенің ұзындығы 930 метр, ені 5 метр), Аманжолов өткелінде абаттандыру жұмыстары жүргізілді.