БӘЙДІБЕКТІК КӘСІПКЕР 100 ОТБАСЫҒА КӨМЕК БЕРДІ
Түркістан облысы Бәйдібек ауданы, Мыңбұлақ ауылының тұрғыны Оразалы Ержанов «Біз Біргеміз!» акциясы аясында төтенше жағдай кезінде жерлестеріне қолдау білдіру мақсатында 100 отбасыға азық-түлік тауарларын таратты.
Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік Коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға үлестірілген азық-түлік себетінде бір қап ұн және сұйық май бар.
Өз кезегінде ауыл тұрғындары жаны жомарт жанға «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген. Сол секілді Оразалы Ержанов ағамызды үнемі ауыз толтырып айта жүреміз. Бұл кісі былтыр ғана ел игілігі үшін мешіт салып беріп, ауылдың ыстық ықыласына бөленген еді. Осы азаматты Бәйдібек ауданы әкімдігі елеп, «Құрметті азамат» атағына лайық көргенде шын қуандық. Отбасына амандық, еңбегіне жеміс, асқақ абырой тілейміз. Рамазан айындағы барлық тілек, дұғалар қабыл болсын», – деп ризашылықтарын білдірді.
Айта кетейік, сауап іс жасаушылар азық-түлік тауарларын тарату кезінде карантиндік режимге байланысты тиісті барлық сақтық шараларын сақтаған.