ШЕГІРТКЕЛЕР 500 МЫҢ ГЕКТАР ЕГІН АЛҚАБЫН «ЖЕП» ҚОЮЫ МҮМКІН

Биыл шегіртке тектес зиянкестер еліміздегі 500 мың гектар егін алқабына зиян әкелуі мүмкін.

 

Мұндай мәліметті «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» респбуликалық мемлекеттік мекемесі таратты. Зиянкестерге қарсы күрес жұмыстарын дер кезінде жүргізу үшін республикалық бюджеттен 1 млрд. теңге қаражат бөлінген. Тиісінше қажетті шараларға дайындық жұмыстары басталған.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдейді.

Ведомстваның мәліметінше қазынадан қаралған қаржыға шегірткелер зиян келтіруі мүмкін деген алқаптарға пестиицдтерді және химиялық өңдеулер жөніндегі қызмет көрсетулер сатып алынады. Тиісті қорғаныс шараларын жүргізу үшін бұдан бөлек, 119 бірлік жерүсті бүріккіш, 10 ұшақ, 10 бірлік аса жеңіл әуе кеме (АЖӘК) және 9 бірлік аэрозольді генератор (ГАРД) жұмылдырылады деп жоспарлануда.

Жалпы шегірктке тектес зиянкестермен күрес жұмыстары сала үшін емес, қоғам үшін, ел болашағы үшін аса маңызды. Себебі зиянкестердің таралуы тек шаруаларды шырылдатып қана қоймай, өнімдер мен жануарлардың азаюына да апарып соқтырады. Мал басының азайып, алқаптың жұтаңдауы  кедейліктің нышаны, ашарлшылықтың басы екені анық.

С. ИБРАГИМОВА.