ШЫМКЕНТТЕ ӨРТ ШЫҒЫНЫ 342 МЛН. ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ

Тұрғындар құтқарушылардың ескертуіне жеңіл-желпі қарайды

Былтыр Шымкентте 242 төтенше жағдай мен оқыс оқиға тіркелген. Соның салдарынан 20 адам қаза болып, 114 адам зардап шеккен. Төтенше жағдайлардың басым бөлігі, яғни, 199-ы өрт оқиғасы.
Бұл туралы Шымкент қалалық Төтенше жаңдайлар департаментінің басшысы Нұрболат Дербісов 2019 жылы атқарған жұмыстары туралы қорытынды есебінде айтты. «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының ғимаратында өткен жиында Нұрболат Дербісов департамент қызметкерлері 3 631 рет жедел шақыртуға шығып, нәтижесінде 379 адамды құтқарғанын мәлімдеді.
Өткен жылы қалада өрт шығу жағдайларының басым көпшілігі жеке секторларда орын алған. Онда өрт себептерінің болуына көп жағдайда пештердің дұрыс жақпау немесе электр сымдарының тұйықталуы себеп болып отыр. Өткен жылы өрттен келген жалпы шығын 342 млн теңгені құрады. Сонымен қатар, былтыр шомылу маусымында үш төтенше жағдай тіркелген.
Осы деректерді алға тартқан Н. Дербісов тұрғындардың иістен улану туралы құтқарушылар ескертуіне бей-жай қарайтынына қынжылыс танытатынын жеткізді. Оған осындай себептермен орын алып жатқан жағдайларды мысал ретінде келтірді.
Сонымен қатар департамент басшысы төтеншеліктердің көктемгі сел мен тасқынға сақадай сай екендіктерін жеткізді