ПЕРФУЗИОЛОГИЯ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ ПАЙДАСЫ КӨП
Шымкентте Израиль, Германия, Латвия, Ресей мемлекеттерінің білікті кардиологтары шақыртылған перфузиологтар конференциясы өтті. Әдетте перфузиологтар жүрекке ашық операция жасау кезінде қан айналымын жасанды жолмен қамтамасыз етеді.
Алғаш рет ұйымдастырылып жатқан халықаралық шараға Қазақстандағы және аймақтағы перфузиология саласының мамандары қатысты. Жиынға қала әкімі Ерлан Айтаханов қатысып қалалық кардиологиялық орталықта перфузиология саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Кардиохирургиядағы өзекті мәселелердің шешімін талқылаған дәрігерлер перфузиология саласын дамыту ашық жүрекке жасалатын оталардың дамуына, жүрек ақауынан пайда болатын мүгедектіктің пайда болуын алдын алуға ықпал ететінін алға тартты. Және де олар осы саланы дамыту қоғамда жұмысқа қабілетті адамдардың көбеюі мен өлім-жітімнің азаюына зор ықпал ететініне де баса назар аударды.
Конференцияда шетелдік мамандар тақырып аясында өз тәжірибелерімен бөлісіп, аталған саланы дамыту жолдарын атап өтті.
С. НҰРАЙ.