Ой қозғар ортада ойлы әңгіме айтылды
Созақ ауданының орталығындағы Сұлтанбек Қожанұлы атындағы музей қызметкерлерінің
ұйымдастыруымен Халықаралық Қарттар күніне орай, «Өткеннің өнегесі – бүгінгінің баға жетпес
байлығы» тақырыбында жастарға берер тәлімі мол іс – шара өтті.
Онда кейінгі жас ұрпаққа ата-әжелеріміздің айтар өнегелі әңгімесін, үлгілі істерін паш ету болатын. Ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру. Оқушыларға еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеуге жол көрсету еді. Осы орайда өткен ұлағатты шараға арнайы шақырылған Сопбекова Мәкірзәріп әжемізді ортаға алған орта буын азаматтар ақын Гүлнар Өмірбек, журналист Мақсат Қарғабай, білікті ұстаз Ерік Есенұлы, үлгілі мұғалім Дидар Мадиярқызы, дәстүрлі әнші Рүстем Сансызбайұлы бүгінгі жастардың бет алыстары туралы ой қозғады. Қатысушылары аз болса да тыңдайтыны көп өнегелі орта болды. Осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Қазақтың басқа халықтардан айырмашылығы – “Ұрпағым” деп шыр-пыр болатыны. Ол үшін көзсіз көбелектей отқа түсетіні. Бұл- біздің ең ұлық ұлттық қасиеттеріміздің бірі. Ал ұрпақтың ата-ана алдындағы борышын өтеу үшін жасап жатқан ынта-жігері мемлекеттік деңгейде қолдау тауып, зейнеткерлерге жағдай жасау. Президентіміздің жыл сайынғы халыққа жолдауында арнайы қаралып, оларға қамкорлық ел эканомикасының өсімімен қатар өсіп келеді. Бата халықтың рухани күш алатын құдіретті сенім күші және жақсылықтың бастауы. Ол ел сенімін ақтайтын абзал азаматтарға, таланты жастарға, көптің жүгін көтерген, адамдарға, жас сәбиге, немесе үлкендер жақсы ісіне риза болған жағдайларда берілетін ұлы адамдар мен ақсақалдардың ақ тілегі, әрі өмірлік жолдамасы. Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады. Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата – бабаларымыздың мол мұрасы мен сусындату біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы, бабалар мұрасына байланысты. Демек, бабаларымыздың өнеге өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу ұлттық тұлғаны қалыптастырады. Шара барысында музей директоры келген қонақтардың иығына орамал жапты, бірқатар азаматтарға музей шараларына белсенді қатысып жүргені үшін алғыс хаттармен марапаттаса, сұлтанбектанушы Мақсат Жеңісұлының 50 жасқа толған мерейтойына деп қазақтың баға жетпес мұрасы домбыраны сыйға тартты. Келісті кеш соңында аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінінің өнерпаздары өнерлерін шашу етіп шашты.
Мақсат Қарғабай.